АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Заманбек ағаның атын пайдалану ойымда жоқ»: Шулы оқиғаға қатысты тағы бір дерек шықты [:]

[:kz]

 

Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы Рая Қалабаеваның оқиғасы кешелі бері отандық ақпарат құралдарында жиі жарияланып жатыр. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында аянышты тағдыры сипатталған Рая әжейдің тағдыры көпшілікті алаңдатқаны рас.

22 жыл пәтер жағалап, бес жылдан бері психикалық ауытқушылыққа байланысты төсек тартып жатқан Рая Қалабаеваның қызы Әсел ауыр жағдайға байланысты халықтан көмек сұраған болатын. Кейін бұл мақалаға қатысты әнші Мақпал Жүнісова жауап қатып, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің мұндай қарындасы барын білмейтінін айтты. Осы орайда, Раяның қызы Әсел Қалабаева KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

«Анам қазір хал үстінде. Ол бес жылдан бері өзін-өзі жоғалтуына байланысты төсек тартып жатыр. Анамның марқұм Заманбек Нұрқаділовке туған қарындас болып келетініне күмән келтіріп жатқандар көп екен. Осы орайда, анам Раяның дені сау кезінде айтқан дерегі бойынша түсіндіріп өтейін. Қалабайдың балалары, ағайынды Нұрқаділ мен Байғожа соғысқа аттанады. Соғыста Нұрқаділ қаза табады да, Байғожа елге жаралы болып оралған.

Кейін қазақтың әмеңгерлік дәстүрі бойынша Нұрқаділдің жұбайы Күлшарпан апаны өзіне әйелдікке алады. Осы некеден марқұм Заманбек аға туған. Ал Байғожаның екінші әйелі – Тұрлыхан. Тұрлыханнан менің анам Рая туған. Яғни, екеуінің әкелері бір болғанымен, аналары бөлек. Кейін марқұм Заманбек аға алты жасында нағашыларына кетеді де, арада байланыс үзіледі. Анамнан естіген деректерім тура осындай. Басқа алып-қосарым жоқ. Бәрін Алла көріп тұр ғой», – дейді Әсел Қалабаева.

Осы орайда, Рая Қалабаеваның қызы Әсел Қалабаева Заманбек Нұрқаділовтің атын жамылып, қандай да бір шу көтеруді және пайда табуды мақсат етпегенін шегелеп айтты.

«Марқұм ағамыз Заманбек Нұрқаділовтің есебінен пайда көрейін деген ойым мүлде жоқ. Ол кісінің жұбайы Мақпал Жүнісоваға да ешқандай өкпе-назымыз жоқ. Менің анамды ол кісінің білмеуі заңды да. Өйткені, анам мен Заманбек ағаның арасы кішкентай кездерінде алшақтап кеткен. Ол кісі нағашыларының қолында өскенін жоғарыда айттым. Заманбек ағаның анасы Нұрқаділдің жесірі болғандықтан, кейін бірінші жолдасының есімін ұлына берген болуы керек. Өз басым солай түсіндім. Анам Раяны Заманбек ағаның бірінші жұбайы мен ұлы Қайрат таниды. Олардың алдына бір-екі рет барғанмын.

Ал Мақпал ханымның бізді білмеуі түсінікті жайт. Өйткені, анам мен Заманбек ағаның арасы кейін үзіліп қалған. Осы орайда, халық мені дұрыс түсінсе екен. Ешкімге ешқандай өкпеміз де, міндетіміз де жоқ. Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да. Тек жиырма жылдан аса уақыт бойы пәтер жағалап, одан қалса, анам ақыл-есінен айырылған соң халықтан көмек сұрағаным рас. Бүгінде «Уақыт көрсетеді» бағдарламасы арқылы біраз қаражат жиналды, соған пәтер алсақ деп қуанып отырмыз. Тағы да қайталап айтамын, Заманбек ағаның атын пайдалану ойымызда жоқ. Бар болғаны, неше жылдан бері пәтер азабын тартқан соң, халықтан көмек сұрадым», – дейді Әсел Қалабаева.

[:]