АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Аяғы ауыр»: Мөлдір Әуелбекова желіде қызу талқыға түсті (фото) [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа фотосын жариялап, ел арасында қызу талқы тудырды. Қалың көпшілік бірауыздан өнер иесінің аяғы ауыр екенін болжап, оны жарыса құттықтауға кірісікен деп жазады KAZ.NUR.KZ. Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында әкесімен бірге түскен фотосымен бөлісіп, бірден халықтың қызу талқысына тап болды.

Желі қолданушылары аталмыш суретті көрген бойда эстрада жұлдызының сәби күтіп жүргенін болжап, оған өз құттықтауларын жолдаған. Олар жарияланған фотода әншінің аяғы ауыр екені анық көрінетінін айтуда.

«Аяғыңыз ауыр сияқты ғой» , «Құтты болсын, аяғыңыз ауыр екен ғой» , «Аман-есен аяқ қолыңызды бауырыңызға алыңыз» , «Аяғы ауыр» , «Аяғыңыз ауыр ма? Қатты қуаныштымын» , «Жүктілігіңіз жеңіл өтсін. Сіз үшін қуаныштымын» , «Мөлдір аман-есен босануңызды тілеймін» , «Алла жар болсын. Сондай бақыттысыз. Көз тимесін» , «Кішкентайыңызды аман-есен дүниеге алып келіңіз» , — деп жазуда желідегілер.

Алайда, бұл суреттің қызу талқыға қалғанына қарамастан, Мөлдір Әуелбекова оқырмандарының болжамына қатысты жауап берген жоқ. Өнер иесі өзінің аяғы ауыр екенін ресми түрде растамады. Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова бұған дейін намазға келуі туралы жан сырын ақтарған болатын. Шоу-бизнес өкілі намазға жығылуына асқар тауы әкесі себепкер болғанын жасырмай айтып, отбасына қатысты тың мәліметтерді жария етті. Белгілі болғандай, әншінің әкесі де, анасы да қажы екен.

kaz.nur.kz

 

[:]