[:kz]
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.Суретті желіге Абдуррахим Алтай жүктеді.
«1951 жылы Кашмирге жеткен қазақтардың лагерьде түскен суреті. Профессор Абдулуахап Қараның аркивінен Facebookта тұңғыш рет жариланған сурет»,- деп жазды ол.
Еске салсақ қытай коммунистерімен сан жыл соғысқан Алтай қазақтары пана таппай ақыры Үндістанға бет алған еді. Аман қалғандары 1951 жылдың 10 қазан күні шекарадан өтті
Қытай коммунистерінен қашқан алғашқы көш 1940 жылы Үндістан асқан болатын. Бұл туралы Халифа Алтай өз естелігінде: «Алғаш Алтайдан көшкенде 36 мың адам едік, 1941 жылы Үндістанға осыдан 3039 тірі жеттік. Арада бір жыл өткенде жерсінбей 2000-ға тарта адам өліп кетті. 1942 жылы 1150 адам тірі қалдық», деп жазған болатын.
Кейін олар бауырлас Түркияға қоныс аударған.
[:]