АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сәбит Әбдіхалықов: Балаларыммен түскен фото салсам, ел жамандап шығады[:]

[:kz]

 

Отандық танымал продюсер, актер Сәбит Әбдіхалықов қалың көпшілікке деген өкпе-ренішін жеткізді. Өнер иесі желіде халықтың орынсыз сынына ұшырап жүргенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Сәбит Әбдіхалықов бүгінде өзге замандастары секілді әлеуметтік желіде не себепті белсенді емес екенін түсіндірді. Актер өзі мұндай заманауи заттарды ұнатпайтынын жеткізді. Оның үстіне, өнер иесі желіде негізсіз айыптаулар мен орынсыз сынға тап болып жүргенін айтып қалды. Продюсердің сөзінше, парақшасына тіпті балаларымен түскен суретін жарияласа, ел бірден жамандап шыға келеді екен.

Бұл жайт Әбдіхалықовтың көңіліне қаяу түсіретіні анық. Ол көпшіліктің өзін шын мәнінде қандай адам екенін білмей жатып, жағымсыз пікірлер жазатынына күйінді. Бұл туралы Сәбит мырза «Алматы» арнасына берген сұхбаты барысын айтты.

Қазіргі жастардың вайн дегендерін мен бұрын жасап тастағанмын. Қазірдің өзінде мен жүрген бір вайнмын. Балаларыммен бір фото салсам болды, бүкіл әлеуметтік желіде жүремін. Халықтың барлығы рахаттанып жамандап жатады. Мені танымайды, білмейді де.

Бірақ, боғауыз сөздер жаудырып жатады. Өзі халық біледі. Маған әуре болудың қажеті жоқ. Сөйлеуге болмайды. Әшейін сурет салсам болды, халық өзі ары қарай алып кетеді. Мен өзім жеке өмір жайлы айтқым келмейді. Ол әркімнің өз шаруасы. Сұхбаттарда да мен тек жұмысқа қатысты тілдесемін. Жеке өміріме қатысты сұрақтарды ысырып тастайтыным рас» , — деді Сәбит Әбдіхалықов.

Автор: Малика Хадид

kaz.nur.kz

 

[:]