АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қостанайда әртістер жұмыстан кеткен Сүндет Байғожинді қайтаруды талап етуде [:]

[:kz]

 

Қостанайдағы Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда, жұмысқа шықпаған әртістерге ақша төленіп отыр. Өнер ордасының бұрыңғы директоры бұған көз жұма қарай алмаған. Сол үшін оның жұмыстан өз еркімен кетуін, жергілікті шенеуніктер талап еткен. Бұл ақпаратты экс-директордің өзі растады. Қара шаңырақтағы ұжым білікті басшының қызметіне қайтып келгенін талап етуде деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Сүндет Байғожин 6 ай бұрын атажұртқа оралып, облыстық филармония басшылығына тағайындалған болатын. Әртістер аз уақытта оның Елубай Өмірзақов атындағы қара шаңыраққа тың өзгерістер енгізгенін жарыса айтты.

Филормония жастарын өнермен қатар, салауатты өмір салтына жетелеген. Бірақ туған жерге туын тіккелі келген талантты биліктегілер бағаламаған көрінеді.

 «9 наурыз күні келіп, ұжымды жинап «мен осындай өтінішке қол қойдым» дейді. Ол өз шешімімен қойылып отырған мәселе емес. Ол мәселе жоғарыдан келіп отырған. Сондықтан біз филормония әртістері осы шешімге қарсымыз» , — деді филармония әншісі Майра Қаржауова.

kaz.nur.kz

 

[:]