АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтанда ер адам өгей қызын жыныстық қатынасқа тартпақ болған: Қыздың анасы көмек сұрады[:]

[:kz]

Азаматтық некедегі күйеуі қызын алып кетіп, жыныстық қатынасқа тартпақ болғанын айтқан келіншек министрден көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Немолчи.кз» парақшасында жарияланды. Қазір анасы қызының өмірі үшін қатты алаңдаулы. Қызының өгей әкесі оны алып кетіп, күш көрсетемін деп қорқытып, жыныстық қатынасқа тартпақ болған көрінеді. 

 

«Ұсталған күні күдіктіні тергеу кешкі тоғызға дейін жалғасты. Бұл іс бойынша тергеу бөлімінің басшысы Дамир Абилов айналысты. Тергеуші күдікті мен зардап шегушіні қыз кәмелеттік жасқа толмағандықтан бетпе-бет сөйлестіруден бас тартқан. Қызыммен сөйлесуге келген психологтар кеткеннен кейін Дамир Абилов дөрекілік таныта бастайды», — дейді келіншек. 

Келіншек тергеушінің жұмысына да көңілі толмағанын жеткізіп, кінәліні қамаудан және оқиғаның мән жайын анықтаудан бас тартты дейді. Әйел өзінің және қызының өмірі үшін алаңдаулы екенін жеткізді. 

«Менің «Сіз оған сеніп тұрсыз ба?» деген сұрағыма Дамир ешкімге сенбейтінін айтып жауап берді. Қызыма қойған алғашқы сұрағы «Сен шынымен өтірік айтып тұрған жоқсың ба?». Бұл кезде кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын инспектор да жоқ еді. Артынша мен «Бетпе-бет сөйлестірмесеңіздер күдіктіні жібере саласыздар ма?» деп сұрақ қойдым. Ал ол «Сіздің бір арызыңызға бола барлығын түрмеге отырғызуымыз керек пе? Бұл өте ауыр айыптау» деп жауап қатты. Айыпталушы сізге шындықты айтпайды деген менің қарсылығыма Дамир Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айыпталушының «шындықты айтпауға құқығы бар» деп жазылғанын айтты. Мен барлық тармақтарды қайта оқыдым — таба алмадым. Мен Дамирге өзімнің және қызымның өмірі үшін қорқатынымды айттым. Өйткені күдікті осыған дейін бізді, сосын өзін өлтіремін деп бірнеше рет қорқытқан», — дейді ол. 

Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті пікір білдірді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жалғасуда. 

«Ағымдағы жылдың 5 наурызы әйел Есіл аудандық полиция бөліміне азаматтық некедегі күйеуін қылмыстық жауапкершілікке тартуды өтініп шағым түсірді. Ол күйеуін көлікте отырып, кәмелетке толмаған қызын жыныстық қатынасқа мәжбүр етті деп айыптаған. Тергеу барысында бұл факт Нұр-Сұлтан — Көкшетау тасжолында болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті анықталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

[:]