АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ауыз жаласқан»: Бекшиннің орынбасары «Олимп» зертханасынан сыйлық алып келген деп айыпталды[:]

[:kz]

 

Қазақстандық дәрігер, қоғам белсендісі Қайырғали Көнеев алматылық шенеуніктерді «Олимп» зертханасымен ауыз жаласқан деп сөкті

Қоғам белсендісінің айтуынша, ҚР мемлекеттік қызмет агенттігі «Олимп» зертханасының Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қалықова Әселге сыйлық бергенін жариялаған. Сонымен қатар, ол ПТР-тест қызметі бойынша аталмыш зертхананың осы уақытқа дейін тұрақты бәсекелесінің болмауында бір гәп бар екенін айтады. 

 

«Әрине, туған күнге берілген сыйлықта тұрған ешнәрсе жоқ. Алайда ары қарай қазбалайтын болсаңыз, мәселенің басқа қырын көруге болады. Мысалы, өткен жылғы пандемия кезеңін алып қарайық. COVID-19 басталғанда ПТР-тесттен өтуге болатын жалғыз зертхана осы «Олимп» болды», — деп жазады Көнеев. 

Дегенмен белсенді былтыр күзде ПТР-тесттің бағасы біршама арзандағанын алға тартады. Оған себеп нарыққа «Олимпке» бәсекелес емхананың пайда болуы екен. 

[:]