[:kz]
«Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов өз ұлын теріс діни ағымнан қалай құтқарып қалғаны туралы айтып берді. Актердің баласы мектеп қабырғасында намазға жығылып, үйінде көп нәрселерге тыйым сала бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әбдірайымов отбасында орын алған жағдай туралы жан сырын ақтарып, бұл ауыр кезеңді қалай еңсергендерін айтты.
«Менің балам 9 сыныптарда намаз оқып кетті де үйде көп нәрселерге тыйым сала бастады. Сосын мен оған ұрыстым. «Сен неге шешеңе қарап орамал тарт, намаз оқы, ананы үйт, мынаны бүйт»деп сөйлейсің» дедім. «Сіздердікі дұрыс емес» деп маған да айта бастады. Бір күні кешке шығып бара жатқанда «ұстаз шақырып жатыр» деді. Барғысы келіп жылайын деп тұр. «Ұстазыңа сәлем айтып бар. Ертең әкем жібермей қойды деп айт. Егер тыңдама десе ұстазыңмен жеке сөйлесем. Сен маған намаз оқы деп айтуға құқың жоқ. Сенің сөзің маған бұйрық емес. Менің сөзім саған бұйрық» деп едім, кейін тынышталып кетті» ,— деді Уәлибек Әбдірайымов
Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында.
Әртістің айтуынша, баласы кейіннен өз қателігін кейін түсінген. «Кейін «ойпырмай солай айтыппын ғой» деп өзі түсінді. Сосын ол ағымның дұрыс емес екені ұстаздарына дәлелделінді. Ағымның нақты қалай аталатынын білмеймін. Мысалы, олар тамақты көргенде «етті бауыздап алдыңыздар ма?» дегенге дейін кетіп қалды» , — деді «Шаншар» театрының директоры.
Айта кетейік, бұған дейін Уәлибек Әбдірайымов фонограмма мәселесіне қатысты өз ойын білдірген болатын. Өнер иесі жанды дауыста айтпайтын отандық әншілерді соттау керектігін айтқан еді
[:]