АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйелін пара алды деп айыптаған алматылыққа сыйақы беріле ме: Антикор жауап берді[:]

[:kz]

Өз әйелін жемқорлық әрекетке барды деп айыптаған Талғар тұрғынының ісіне қатысты еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Иә, бұл оқиға расымен БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Бұл фактінің орын алғаны рас, азамат Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жүгінген. Қазіргі уақытта қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес тексеру амалдары жүріп жатыр. Іске қатысты материалдар ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Егер қандай да бір заңбұзушылықтың болғанына қатысты қорытынды шықса, онда мәселе сот алды тергеу бірыңғай реестрі тіркеуінде қаралатын болады», -деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

 

Агенттік басшысының орынбасарына, іс расталған жағдайда күйеуіне сыйақы беріле ме деген сауал қойылды. 

«Егер оқиға расталса, онда жалпы ереже бар. Яғни азамат сыйақы алғысы келетіні туралы айтса, ол қаралады.  Әзірге ол туралы айтуға ерте, себебі тексеру жұмыстары жүріп жатыр», — дейді ол. 

Сондай-ақ, Бектенов елімізде өз туыстарын жемқорлық жасады деп айыптап хабараласатын фактілердің орын алып тұратынын айтты. 

Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Талғар азаматы өз әйелінің әрекеті туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне айтып бергені туралы хабарлаған болатынбыз. 

 

[:]