АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қазақстан 300 жыл бұрын қайда болдың?» — Жириновский Павлодардағы көшелердің атауын өзгертуге қатысты ойын ашық айтты[:]

[:kz]

 

«Қазақстан 300 жыл бұрын қайда болдың?» - Жириновский Павлодардағы көшелердің атауын өзгертуге қатысты ойын ашық айтты

Оның айтуынша, «ештеңе ұмытылмай, орыс әлемі шекарасын қалпына келтіреді» екен.

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский қазақ жеріне тағы шүйлікті. Ол Павлодардағы 300 көшенің атауын өзгертуге қатысты ойын ашық айтып, атышулы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Adyrna-ға сілтеме жасаған Paryz.kz.

«Қазақстан 300 жыл бұрын қайда болдың?» — Жириновский қазақ жеріне тағы шүйлікті

Ресейлік мемлекеттік думаның депутаты Владимир Жириновский қазақ жерлеріне шүйлігіп, Павлодардағы көшелер атауын қазақыландыруға қарсы екенін ашып айтты. 

«Қазақстандағы Павлодар қаласында 30 көшенің атын ауыстырмақ. Орысша атауларды қазақшаға өзгертпек екен. Сендер өздеріңнің қазақ қалаларын салып алыңдар да, сонда қазақша көшелерді атай беріңдер, өзгенікіне тимеңдер.

Петр тұсында ол жерде Коряков форпосты болған, тұз шығарушыларды қорғайтын. Ол жерде ешқандай мемлекет болған жоқ, қу дала, кей жерде көшпенділер жүрді. 300 жыл бұрын қайда болдыңдар Қазақстан? Сендер болған жоқсыңдар. Жоңғар тайпалары болды, бірақ Жоңғар мемлекеті болған жоқ. Қазір барлығының атауын өзгертіп жатыр, ауыстырып жатыр»,-деді ол. 

Оның айтуынша, «ештеңе ұмытылмай, орыс әлемі шекарасын қалпына келтіреді» екен. 

«Барлығы ұмытылып, қазақтарға қалады деп ойлайды. Ешкім ештеңені ұмытпайды. Орыс әлемі мен кеңістігі шекарасын қалпына келтіреді. Тәртіп орнатады», — деді ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін ресейлік депутаттар Никонов пен Федеров Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты даулы сөздер айтқан болатын.

Аталған мәлімдемелерге қатысты Қазақстандық тарап нота жолдап та үлгерген еді.

[:]