[:kz]
Делдал Алматыдағы бірнеше клиникалардың атынан вакцинациядан өткені туралы электрондық паспортты ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия «бірінші арнасына сілтеме жасап.
Телеарна журналистері клиент атын жамылып «кәсіпкерге» хабарласты.
— WhatsApp-қа жеке куәлік пен үй мекен жайыңызды жіберіңіз.
— Ол қанша тұрады?
— Екі кезеңде — 15 мың теңге.
— Тексеру кезінде eGov-та деректер шынымен шығады ма?
— Шығады, сізге өткен адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезең бүгін, екіншісі — 18 мамыр. Осыдан кейін eGov-та вакцинациядан өту туралы паспорт пайда болады.
Сондай-ақ, делдал клиникаға байланысты құны 5-тен 25 мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
Заңсыз қызмет туралы телеарнаға белгісіз көрермен хабарлаған.
[:]