АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында қызғалдақты жұлған тұрғын айыппұл төлемеуі мүмкін[:]

[:kz]

 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында қызғалдақ жұлғаны үшін 9 млн теңге айыппұл төлейді деген шымкенттік тұрғын жазадан мүлдем құтылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Полицейлердің сөзінше, табиғатқа зиян келтірген шымкенттікке қатысты қылмыстық іс нақты шешім қабылдау үшін облыстық прокуратураға жолданған.

Жалпы биыл Бәйдібек ауданында сирек кездесетін гүлді жұлудың үш дерегі тіркелген. Ал былтыр гүлді жұлудың 7 дерегі тіркеліп, 6 адам әр талы үшін 1458 теңгеден айыппұл төлеген.

Еске салайық, Түркістан облысының полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Оған ҚР ҚК-нің «сирек кездесетін және құрып кету қаупі жоғары, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Аталған бапта 3 мың АЕК (8 751 000 теңге) көлеміне дейін айыппұл салу қарастырылған. Дәл осы жаза түрі қоғамда резонанс тудырды.

[:]