АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы жанжалды реттеу туралы хаттамаға қол қойды [:]

[:kz]

 

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қарулы жанжалды реттеу бойынша бірлескен мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ховар. Басылым мәліметінше, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы жанжалды реттеу бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтері бастамасымен құрылған комиссия 29 сәуір күнгі қақтығыстың себебі мен салдарын талқылаған. Нәтижесінде қаруланған жанжалды тоқтату туралы ортақ келісімге келді.

Атап айтқанда, жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орнына жеткізу, шиеленістің күшеюін болдырмау үшін шаралар қолдану, екі дос халық пен мемлекеттің мүддесіне сай жемісті келісу процесі үшін көзделген шараларды толық жүзеге асыру мен тиісті тұрақты жағдай тудыру мақсатында екі ел билігінің құқық қорғау органдары мен атқарушы билік қызметкерлері қатарынан ортақ жұмыс тобын құру талқыланды. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында атыс болып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Қырғызстан шекара қызметі Тәжікстанның «Ходжа Аълло» шекара заставасын басып алғанын жариялады, ал Тәжікстан өз кезегінде Достук заставасына оқ жаудырды. Кейінірек Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. «Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы ақпаратты асқан алаңдаушылықпен қабылдадым. Қырғыз бен тәжік халықтары біздің бауырларымыз, тарихымыз бен мәдени құндылықтарымыз ортақ», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор: Сәке Қанатұлы

kaz.nur.kz

 

[:]