[:kz]
Ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген Медеу ауданының судьясы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бейнежазбаны ratel.kz сайты жүктеді.
Светлана Жолманова өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарды.
— Қазіргі уақытта мен әлі қамауға алынбадым. Пара алды деген күдікке де ілінбедім. Қызметтік кабинетімнен табылған 10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым»,–деді ол.
Судья мәлімдеме барысында ескі пәтерін сатқанын жеткізді. Осылайша тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келген.
«Осындай ақшаны жұмыстағы сейфтен басқа қайда сақтау керек?»,– деп сауал тастады судья.
Сондай-ақ ол бұған дейін әлеуметтік желіде жеке кабинетінен 4,5 мың, үйінен 2 миллион 800 мың және көлігінен 600 мың доллар табылды деген ақпаратты да жоққа шығарды.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]