АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Байқоңыр» ауруханасындағы қызметкерлердің жан айқайы[:]

[:kz]

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлына!

Біздің сізге хабарласып отырған себебіміз — ол біздің Қызылорда облысының әкімінен, облыстық денсаулық сақтау ұйымынан, Денсаулық сақтау министрінен күдер үзгеннен кейін тікелей Сізге шығып өзіңізден және Парламенттен көмек сұрап отырмыз. Мәжілісте медицинаға байланысты көтерген мәселелеріңіз, талаптарыңыз, сындарыңыз орынды, өзекті шығар, бірақ осы саладағы өзгерістер алыс тұрғындарға жетпейді.

Біз енді Мәжіліске ғана үміттенеміз, халықты ойлайтын біреу болса ол тек сіздер деп сенеміз. Осы жүрекжарды өтінішіміздің негізгі себебі экологиясы нашар радиациялық аймаққа жататын Байқоныр, Төретам, Ақай халқының Байқоныр ауруханасында болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты жан айқайы.

Байқоныр ауруханасында болып жатқан былықтарды «Адырна» ұлттық порталында 05.03.2021ж,17.03.2021ж,01.04, 2021ж көтердік. Президентке, Президент әкімшілігіне осы жағдайларды айтып хат жаздық. Бірақ та жоғарыдан: сіздердің көтерген мәселеріңізді облыстың аппаратына жібердік деп жауап келеді. Ал облыс оны Қармақшы ауданына жібердік дейді (Байқоныр сол ауданға қарасты). Сонда облыс шешпеген мәселені аудан қалай шешеді?

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа, Денсаулық сақтау министірі Алексей Цойға БАҚ арқылы ашық хат жаздық. Жауап, әрекет жоқ. Ауылдағы Халықтың мұң мұқтажы оларға керек емес. Осы уақытқа дейін ауруханаға бір тексеру келген жоқ.

 Дәлірек айтсақ, ол біз тұратын Байқоңыр қалалық ауруханасының жағдайын мүшкіл халге жеткізген бас дәрігер Әділхан Жандостың өктемшіл-сорақы, көргенсіз іс әрекеті.

Экологиялық кесапаттан ауру-науқас болған қала тұрғындарын, аурухана қызметкерлерін бас дәрігердің тәкаппарлық, яғни этикаға жат, жиіркенішті тірлігі мен келеңсіз былықтары әбден шаршатты.

Сыбайластық негізде өзінің айтқанын бұлжытпай орындайтын бірге бөлісетін қызметкерлерге туған балдызы, бас экономист Файзуллаев Нурлан арқылы карточкаларды келісім бойынша мөлшерден тыс артық жібереді деген сыбыс бар.

Бірақ ол бізге құпия, тексеретін, анығына жететін мекеме жоқ. Халық арасында айтылып журген: Бас дарігер медбикені жұмысқа алу ушін 700 мың теңге пара алады деген сөздері рас екеніне сене бастадым. Мен Даутов Базарбай Сыдыкович, бас дәрігердің шаруашылық жұмысы жөнінде орынбасары болып жұмыс  істеймін. Жоғарыда айтылғандай, маған да егер орныңда қалғың келсе,   1 миллион алып келесің деп талап қойды.

Менің орныма сол ақшасын беретін адам дайын тұр екен. Ол Ішкі істер мекемесінен еңбек ережелері бойынша жат қылықпенен жұмыстан шектелген Ж Күзембаев қазір ішкі қауіпсіздік маманы. Мен ақша бермеген соң қудалау басталды, айлығымды екі есе қысқартты, жұмысымнан әртүрлі сылтаулар іздеп, Ресей полициясына беріп, іс қозғап неше түрлі әрекеттер жасап жатыр. Мен өз жұмысымды тиянықты жоғарғы деңгейде істеймін, құқығымды да білемін. Сондықтан мені жұмыстан шығару үшін негіз таппай, өзінің қасында жүрген ҰҚТ -қа тапсырма беріп қысым көрсетіп жатыр.

Осыған ұқсас және басқа да былық жағдайлар өте көп. 

Бәрі үндемейді, қорқады. Бірақ шыдамның да шегі болады. Мен Алладан ғана қорқам, бас дәрігерден қорықпаймын, сондықтан шындықты айтып жатырмын. Жоғарыдағы айтылған жаңдайарға Құдай куә.

Тағы осыған ұйқас жағдай — ол Ж.Әділхан кадр бөлімінің инспекторы Дарменкұлов Айболатты еңбек шартына фалсификация жасап жұмыстан алып тастауы. Өз жұмысын жақсы білетін заңгер, білікті  маман, бірақ подхалим емес және бас дәрігердің адамы болмағандықтан, орнына өзінің адамын қою ушін заңды белден басып, жұмыстан шығарып отыр.

Еңбек шартындағы белгіленбеген мезгілді, белгіленбеген мезгілге ауыстырып, яғни астын дөрекі сызып еңбек шартының аяқталу күнін 01.04.2021ж деп ( ол мерзім бұрын жазылмаған) өзге адамның қолымен және басқа қаламсаппен толтырған. Дарменқұловтан кадр бөліміндегі шарттың данасы жоғалып қалыпты деп алдап сұратып алып екі данасына да өзгерту енгізгізіп, кадр бөлімінің арнаулы жеке істер сақталатын кабинетіне қойған. Өзгертулер өрескел көзге анық көрініп тұр.

Экспертиза оны оңай анықтайды. Сот болатынына күмәніміз жоқ. Таң қалатынымыз — неге Ж.Әділхан осындай қарапайым жерден сүрінді, заң бұзуға барды, шынымен ақша үшін ба?  Әлде оның болмысы сондай  қылмысқа жақын ба?

Сонымен Дауренбековты 2021 жылдың 13 сәуірінде жоғарыдағы фальсификация жасалған шартты негіз қылып, N326ж/қ бұйрықпен еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатты. Дауренбеков жұмыстан босату жөніндегі бұйрықпен келіспейтіні туралы жазып берген.

Осы заң бұзу фактілеріне байланысты Облыстық денсаулық сақтау басқармасына арыз түсірілді, бірақ  жауап жоқ. Жауапты алып, оның оң  шешілетініне күмәніміз бар. Себебі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Пазилов мырза 9 сәуірде Байқонырға келіп, ауруханада былықтың көп екеніне көзі жетіп, бас дәрігерді орнынан алатын болып кеткен. Бірақ Ж Әділханның айтқаны бар, мен ол Пазиловқа пысқырмаймын да деп, оған да бір себеп бар шығар. Ең қызықтысы, Пазиловтың аурухананың, бас дәрігердің кемшіліктері туралы қызметкерлермен талқылаған жеке әңгімесін Ж.Әділхан құпия агенттері арқылы жазып алғаны және сол айтылған әңгімені Пазиловқа жібергені таң қалдырады. Бұл шантаж ба, қорқыту ма, өктемдігін көрсету ме, әлде тағы да бір нәрсе ме, түсінбей қалдық. Содан кейін Пазилов хабар ошарсыз кетті. Бас дәрігердің қолынан неше түрлі нәрсе келеді. Ол сондай интригаға жақын адам.

Біздің түсінігімізде Ж.Әділхан С. Пазиловтың бетіне түкірді — сөз жоқ нағыз батыр! Тағы да бір айтатын мәселе — аурухана ұйымының шартында көрсетілген еңбек демалысын беру уақытында бір оклад экологиялық, бір оклад материалдық көмек көрсетілетіні туралы жазылған.

Ол шарттар орындалмайды, материалдық көмек берілмейді ол ақша қайда? Сонымен қатар Ж.Әділхан қосымша ставкаларды балдызымен бірге ойыншыққа айналдырған. Көңілі қалаған қызметкерге 0.25,  0.5 қосымша ставкаларын береді де, айдың соңында табель тапсырар кезінде ұнамағандардан алып тастайды. Атап айтқанда, өте тәжірибелі дәрігер Р.К. Есмағамбетованың өзіне берілген 0.25 ставкасын Ж.Әділханның біресе алып, біресе беріп, ойыншыққа айналдырғаны — жақсы маманның жұмыстан кетуіне себеп болды. Ж.Әділхан өзінің жақындарына қосымша 0.5 ставкаларын тағайындайды. Олармен еңбек шарты жасалмайды, жұмыс уақыты белгіленбейді. Себебі Ж.Әділханмен тиым салынған. Оның жақындары 8-сағат жұмыс істеп, 12 сағаттың жалақысы алады. Мүмкін бөлісер,  кім біледі.

2020 жылдың аяғында премия береміз, соған 20 миллион теңге бар деп қызметкерлерді үміттендірді. Бірақ премия берілмеді.  Ұзынқұлақтардан естідік, өздері бөліп алыпты деп, оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Хирургия бөлімінде косметологиялық операциялар жасалып жатыр.

Ол операциялар ФОМС-қа кірмейді. Тек қана ақылы, одан түскен ақша қай кісінің қалтасынан түсіп жатыр? Масқара болғанда аурухананың ондай операция жасауға лицензиясы жоқ.

Егер асқыну болса, асқыну болмауына ешкім кепіл бере алмайды, оған кім жауап береді?  Кемістіктерді айтсаң немесе дау шығарсаң болды, әйтеуір Ресейдің полициясын пайдаланып үстіңнен ойдан шығарылған іс қозғайды. Бізді қорғайды ма десек керісінше бөтен мемлекеттің тоқпағына жығып беріп отыр. Осылай фашистік, алаяқ, сотқарлық режиммен аурухананы басқарып отыр. Осылай жалғаса берсе аурухана түрмеге айналауы да мүмкін.

Ж.Әділханға әй дейтін ажа жоқ, қой дейтін көке жоқ,  2-3 жылдың ішінде білгенін істеп жатыр. Ешкімнен қорықпайды. Не себепті дейсіздер ғой?

Оған дәлел — Әділхан Жандостың халық арасында айтқан сөзін Байқоңыр тұрғындары өз құлақтарымен естіген.  Ол мынадай сөздер: «Мен Маханов Тұрғанбай деген беделді көкеме қомақты қаржы беріп облыс әкіміне кіргіздім, сол ушін маған ешкім тиісе алмайды және тісі батпайды».Бұл айтқан сөздерінің негізі бар сияқты. Өйткені «қомақты» ақшаны қайдан тапты? Түсініп отырған шығарсызда,  менен сұраған немесе басқалар берген, экономистпен бірге үнемдеген, немесе премиядан үнемдеген миллиондар ма? Әлде Байқонырдан қазына тапты ма екен?

Ол да мүмкін. Ең қызықтысы — этика сақтамаған бас дәрігердің осы сөзі БАҚ арқылы және хат хабарламада Облыстың әкіміне жеткізілді. Әкім үндемейді, бас дәрігерден түсініктеме алмайды, шара қолданбайды, тым тырыс. Осыдан кейін неше түрлі ой келеді! Шын осындай ма екен деп! Білесіздер, шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды. Ал біздің Байқонырдың ауруханасында дауыл соғып тұр. Біздің көтерген мәсәлеміз  жай ғана айсбергтің төбешігі. Егер де әділ комплексті әсіресе финанс жағынан тексеру келсе, қылмыстық іс қозғалатынына күмәніміз жоқ. Бізге бас дәрігердің жұмысынан кеткені аз, ол озінің жасаған былықтарына заң алдында жауап беруі керек.

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Біздің үмітіміз тек сізде ғана!
Байқоңыр ауруханасында болып жатқан келеңсіз жағдайға көңіл аударуыңызды сұраймыз.

Сіздің шын көз қарасыңыз және әділ,  батыл шешіміңіз керек болып тұр.

Құрметпен, Даутов Б, Дауренбеков А, Бухаев Б және тағы басқа қызметкерлер!

Байланыс телефоны:

87022683757

 

«Адырна» ұлттық порталы 

[:]