[:kz]
Алматыда ақыл-есі орнында болмаған ер адам қара нәсілді жолаушыға тиіскен. Оқиғаға қатысты полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаға куәгер алматылық Искандер Махиянов жағдай 118-автобуста болғанын атап өтті. Оның айтуынша, болған оқиға өте нашар көрініс болып көрінді.
«Абай көшесіндегі аялдамалардың бірінде шетелдік қара нәсілді жігіт менен екі метр қашықтықта артқы орындыққа жайғасты, бірнеше аялдамадан кейін ол автобус жүргізушісіне барды. Оның артынан азиялық нәсілді жігіт құлайын деп басқа ер адам еріп барды. Оның шалбарының ауы ашық болған. Ер адам қара нәсілді жігіттің артынан «Ниггер» деп айқалады», – деп жазды алматылық Искандер өзінің Facebook парақшасында.
Шетелдік азамат автобус жүргізушісінен көмек ала алмай, басқа бос орынға отырған. Алайда агрессивті ер адам шетелдікті қорлауды жалғастырған, одан кейін оны жұдырықтасуға шақырған.
Бәрі немен аяқталғанын желі қолданушысы білмейтінін жазған. Өз бұл ұрысқа белгілі бір себептермен қатыспағанын айтады.
«Не үшін араласпағанымды сұрамаңыздар. Тәжірибеме сүйене отырып, бұл мәселені полиция шешуі тиіс деп есептеймін», – деді ол.
Алматы полициясы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов аталған факті бойынша айыпталушыларды анықтау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау арқылы тексеру іс-шаралары жүргізіледі», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар ол оқиға фактісі бойынша қалалық полиция бөлімшелеріне ресми хабарламалар немесе өтініштер түспегенін атап өтті.
[:]