[:kz]
Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан аудандық білім бөлімінің басшысы туралы видео жариялап, пост жазды. Онда әлде бір жас әйелдің ер адамды боқтап жатқанын көруге болады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Сәуле Әбілдаханқызының жеке парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
Журна
лист Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы жайлы былай деп жазған:
«Төмендегі видеоны жарияламас бұрын бірнеше күн ойландым… тіпті, боқтампаз ол емес, айдалада отырып сол сөздерін жариялауға мен ұялдым…
Жарияламасқа амалым жоқ. Өйткені қой дегенде қоймады… мұндайларды тоқтатпаса болмайды… «любойын с…. алатын» «мықтылығына» қарағанда, бұның «крышасы» Жұмабек шығар…
Өткенде Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов мектебіндегі завуч туралы жазып едім ғой.
Сол постқа ол адамның өзінен бастап бүкіл әулеті келіп банкідегі шыбын құсап құжылдап жанталасып еді… мені боқтап….боқтау бұлардың отбасылық ерекшеліктері екен ғой… мен ешкімнің атын айтпасам да келіп жағама жармасып еді…»Сезікті бұрын секірер» деген. Ол аздай, менің ФБ парақшамның паролін бұзбақ боп «программист-хаккер» жалдап неше күннен бері қаншама рет тыраштанды!..
Қайталап айтамын, мені хаккерлерден Цукербергтің өзі қорғайды, себебі мен Қазақстандағы ТОП-5-темін!!! Менің парақшамды бұзып әуре болмаңдар!!!
Одан кейін өзі бес рет, араға түсушілері он рет хабарласып, смс жазып… ақыр соңында мені «2 млн сұрады» деп өсек таратып…ауылдастары келіп, «арағайындыққа» түсіп… нервыға тиіп бітті. Сөз ұқпайтын адам екенсіңдер ғой…
«Сөз ұқпайтын адамдардың» қатарына Ордабасы Аудандық Білім Бөлімін де, сол басқарманы басқарып отырған Шұға Шуга Нурабаева ны да, Түркістан Облысының Білім Басқармасын да, сол басқарманың басшысы Рахымбек Жолаевты да қосуға тура келеді.
Мынау не сұмдық??? (Бұндай аудио, видеолары жетеді!.. Ауылдастары бұл қатыннан әбден зәрезап боп бітіпті..)
Сіздер осындай аузы боққа толған педагогсымаққа «Үздік ұстаз» деп Грамота беріп марапаттасаңыздар, онда нағыз Үздік Ұстаздарға Алтын медаль беруге міндеттісіздер!!! Нағыз Үздік Ұстаздардың аты-жөндерін білмесеңдер, айтыңдар, халық біледі.
Әлде сіздерде Алғыс хат, Грамоталар сатыла ма? Кеше ғана ауылда тойда отырғанымда бір бөлме толы ауыл адамдары «Түркістан облысында мектепке еден жуушы боп жұмысқа кіру үшін 500 мың тг, ал мұғалім боп кіру үшін 1.5-2 млн тг пара беруің керек» дегенді бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай қайталады. Және олар бір ауылдан яки бір ауданнан емес, әртүрлі аудандардан кеп отырған қонақтар еді… Демек, облыстағы білім саласы әбден былыққа батқан деген сөз!..
Сол ауылдың, ауданның халқы мына педагогсымақтарыңның да барлық былықтарын біледі. Осындай мұғалімсымақтар біздің келешек ұрпаққа қандай білім, қандай тәрбие береді? Сол ауылда менің мың туысым тұрады, сол мектепте менің мың туысымның мың баласы оқиды! Мына сияқты мұғалім статьямен жұмыстан қуылып, үстінен қылмыстық іс қозғалуы тиіс деп есептеймін.
Шұға Нұрабаева Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы ретінде, ал Рахымбек Жолаев Түркістан облысының білім басқарма басшысы ретінде бұл қызметкерін жақсы танитын шығар… Неге кім көрінген мектептерде мұғалім, завуч болып жүр? Білім саласында неге жемқорлық өршіп тұр? Негізгі сұрақтардың жауабын да сол кісілер білуі тиіс… Ал олар бұл «қызметкерлерін» төбелеріне шығарып тайраңдатып қойса, демек, өздерінің арты шикі деген сөз…
Мұның бәрінің ақ-қарасын тексеретін — прокуратура, антикор ұйымдары назарға алады деп ойлаймыз.
Бұл мұғалім қай Жоғары оқу орнында оқыған? Бұған «педагог, мұғалім» деген мәртебені кім, қай ЖОО берген? Дипломын қалай, қайда жоғалтып, қай ЦОНнан алған анықтамасымен жұмыс істеп жүр? Журналистік зерттеуді осы сауалдардан бастаймыз»,- деді ол.
Сәуле Әбілдаханқызы аталған сауалдарды төмендегі тиісті органдарға жолдады:
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК
@Түркістан облыстық прокуратурасы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК
Askhat Aimagambetov
ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер бар!
[:]