[:kz]
АҚШ пен Еуроодақ санкциялары Беларусь экономикасының ең маңызды экономикалық секторларына соққы болып тиіп жатыр. Беларуссияның мұнай және газ, телекоммуникация және калий өндірісі мен банк секторларына санкциялар жариялады. Сонымен қатар санкцияда Минскіге несие беруге де тыйым салуды бір ауыздар келісті.
Санкциялар мемлекеттік құнды қағаздар мен активтер саудасына да, инвестициялық қызметтерге де салынды. Белоруссияға қарсы санкциялар пакетін дайындау 21 маусымда ЕО СІМ Кеңесінің отырысында талқыланып жатыр.
Жаңа санкциялар Белорусьтің қоғам белсендісі Протасевичтің ұшақта қысым жасалып, қолға түсірілуімен тікелей байланысты болып отыр. Бұл жағдай Белорусь өкіметінің жүргізіп отырған жабайы саясатының жемісі болмақ.
Минскіге қарсы жарияланып отырған санкциялар Батыстың Беларуссия билігімен қарым-қатынасының қандай деңгейде екенін көрсетуде. Белоруссияға қарсы санкциялар елдегі президент сайлауы әділетсіз өткен кезден бастап Батыс тарапынан қолға алынды. Алдағы уақытта да Белорусия Ресей сияқты санкцияның астында өмір сүреді деп жорамалдап отыр сарапшылар.
Ryanair ұшағындағы жағдай күтілген уақыттан да тез іске асты. Оқиғадан кейін ЕО билігі Беларуссияның ұлттық компанияларына өз территориясының үстінен ұшуға немесе әуежайларына қонуға тыйым салды. Сонымен қатар өз компанияларына Беларуссияның әуе кеңістігін пайдаланбауға тапсырма берді.
Санкциялар Белоруссия ұшақтарының Ресейге ғана ұшатын рейстеріне мүмкіндік беріп, ірі монополисттік компаниялардың қаражатына ауыр соққы беріп отыр. Қазір Минск-Киев-Мәскеу бағыттарындағы рейстер тоқтап қалған. Ал Белоруссия үшін Шығыс Еуропа әуе жолдары жабылды.
Шығындар тек Беларуссия әуежайларына ғана емес, авиакомпанияларына да, сонымен бірге жүк тасымалына да кесірін тигізді. Беларуське Қытай мен ЕО, Таяу Шығыс пен АҚШ арасындағы негізгі транзиттік бағыттарға шектеулер қойылды. «Белаэронавигация» тек шетелдік авиакомпанияларға диспетчерлік қызмет көрсету бойынша жыл сайын 50-70 миллион долларға дейін табыс тапты. Алайда, бұл қаражаттар қазір жоқ.
ЕО-ның жоғарғы кеңесі дәл бүгін Беларуссияның ірі мемлекеттік компанияларына шектеулер енгізуді, активтерді тоқтатуды және кейбір жеке және заңды тұлғаларға ЕО елдеріне баруға тыйым салуды жоспарлап отыр. Мұның бәрі қазірдің өзінде іске асты. Санкциялар мұнай мен газ және банк секторларына соққы бергені ел өкіметі үшін күтпеген жағдай туындатты. Санкциялар зардабына байланысты қазір Лукашенконың басы қатып отыр.
Ал, нә олду енді, нә олду Лукаш?!
Бекболат ҚАРЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы
[:]