[:kz]
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мақпал Исабекова мен оның сүйіктісі енді ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Қос ғашық күні кеше заңды некесін қидырған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қасиетті Рамазан айында мешітте шариғат бойынша некесін қидырған ғашықтар енді заңды түрде ерлі-зайыпты болды. Жас жұбайлар өмірлеріндегі бақытты сәттерінің бірін ет-жақындарымен бірге өткізуді шешкен. Олар бірқатар туыстары мен достарының басын қосып, шағын той ұйымдастырған. Мақпал Исабекованың қуанышына жиналған жұлдызды қонақтар бұл жаңалықпен бірден Instagram парақшасында бөлісіп, мерекелік кештен сурет пен видеоларды жариялады.
\
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алайда, эстрада жұлдызы жұбайының жүзін жариялауға қарсылық білдірген ұқсайды. Тойдағы кадрлардың барлығында дерлік жігіттің жүзі жасырылған. Желі қолданушылары өнер иесі үшін шын жүректен қуанып, өз ақ тілектерін білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Құттықтаймыз. Бақытқа лайықсың», «Құтты болсын. Махаббаттарың баянды әрі берік болсын», «Сондай бақытты болып жүр. Мақпал жүзіңнен күлкі кетпесін», «Әдемі жігіт екен. Бақытты болыңдар», «Түрін қашан көрсетер екен», «Заңды некелеріңіз құтты болсын. Жаратушы сіздерге бақытты әрі ұзақ өмір нәсіп етсін», — деп жазуда көпшілік. А
[:]