АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]»Астанада үлкен қызметте»: Су тасушы ұлымен мақтанған әже жұрттың ішек-сілесін қатырды [:]

[:kz]

Танымал блогер Дәулет Мұқаев өзінің желідегі парақшасында елордада су тасушы болып қызмет істейтін ұлымен мақтанатын әжейдің видеосын жариялады. Әзіл-шыны аралас видео аз уақыт аралығында көптің көңілінен шығып, оқырмандарды күлкіге қарық қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеода егде жастағы ананың елордада қызмет істейтін ұлымен мақтанып отырғанын көруге болады. «Менің балам астанада тұрады, үлкен қызметте. Қазмедиада. Оның үйі даңғарадай үлкен. Құдай-ау төрт-бес адам сияды ғой деймін. Қыдыртпаған жері жоқ», — деп видеода әже құрбыларына мақтанады. Десе де видеода ұлының шын мәнісінде елордада су тасушы болып қызмет ететінін, пәтерде жалдап тұратынын, оған қоса онда тек өз отбасымен емес, туыстарымен бірге тұратынын көруге болады. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ🇰🇿 (@dauletten)

«Квартираның ақшасын қашан бересіңдер, немене үйге неге адамдар топырлап кеткен, екеуің ғана тұрамын деп едіңдер ғой» деп видеода пәтер иесінің ақша сұрап келгенін көруге болады. Ең қызығы видео соңында әжейдің құрбыларын да елордаға шақыратын көруге болады. «Сол астанаға біз де барайық та, ұлыңа айтшы, бізді күтіп алсын» деген құрбыларының тілегін жерге тастай алмаған ақкөңіл ана, ұлына хабарласып, олардың елордаға келетінін айтады.

«Жұмабек, біз астанаға барамыз қыдырып келуге. Нағима, Бәтима, Сәуле, барлығы он адам» дейді әжей. Желі қолданушылары әзіл-шыны аралас видеоны жылы қабылдап, күлкіге қарық болғандарын жазып жатыр. «Бәріміздің басымыздан өткен жағдай, ішек-сілем қатып жатыр», «Күлкімді тыя алмай жатырмын, аналарымыз аман болсын», «Мына әжейдің кең жүрегінен айналдым, өте әсерлі видео, аналарымыз ұзақ жасасын», «Жаным-ау, анасы үшін баласы кім болса да, үлкен мәртебе ғой» деп жазған желі қолданушылары.

kaz.nur.kz

 

[:]