[:kz]
АҚШ-та тұратын 26 жастағы бойжеткен ерекше қыпша белге ие болу үшін қандай құрбандықтарға баратынын айтып берді деп жазады odditycentral.com.
Лас-Вегаста биші әрі кафе қызметкері болып нәпақасын тауып жүрген Ан Киді танымал вьетнам әртісі Туи Нга штатқа сапары кезінде байқап қалады.
Арудың ерекше қыпша белі әртістің көзіне бірден түсіп, ол бойжеткен туралы бейнеролик түсіруді ұйғарады.
Ан Ки мұндай қыпша белге ие болу үшін қандай құрбандықтарға барғанын Туиге жасырмастан айтып берген. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, оның салмағы 50 келі, ал белінің өлшемі 60 сантиметр болған.
Алайда мұны аздық еткен ару күніне бір-ақ рет тамақтанып, белді қысатын корсет кие бастаған. Нәтижесінде 26 жастағы бойжеткеннің салмағы небәрі 37 келі, ал белінің өлшемі 46 сантиметрге түскен.
Ерекше қыпша белге ие болып, арманы орындалған Ан Ки тек киім сатып алғанда ғана қиындықтарға тап болатынын айтады. Ол шақ келу үшін киімді қайта тіктіруге көп шығынданады екен.
Десе де, көптеген адам бойжеткеннің өмірінде бұдан да ауыр қиындықтар туындауы мүмкін деп топшылауда.
Себебі, қыпша бел үшін корсетті шешпей жүру және дұрыс тамақтанбау ішкі ағзалар мен денсаулыққа орасан зиян келтіруі ғажап емес.
Алайда Ан Киді денсаулығы нашарлауы мүмкін екені аса алаңдаттырып отырмаған сыңайлы. Ол қыпша белін ерекше мақтан тұтатынын айтып отыр.
[:]