АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]»Бөтелкелердегі ауыз судың барлығы уланған»: Ақпарат қазақстандықтардың үрейін туғызды[:]

[:kz]

Қазнет қолданушылары елдегі ауыз судың, оның ішінде бөтелкедегі судың уланғаны туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап. 

Дыбыстық хабарлама авторы судағы у туралы құпия ақпаратты таныс вирусологтан білгенін, сондай-ақ еліміздің ауруханаларында уланудан зардап шеккен балаларға қосымша орындар мен бокстар дайындалғанын айтады.

 

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

“Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда”, – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстанның қалаларында кеңінен тарады. Осыған ұқсас фейкті біз ағымдағы жылдың сәуір айында жоққа шығарған болатынбыз.

[:]