АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Белгілі журналист жас тележүргізушінің орынсыз әзілін сынап тастады[:]

[:kz]

 

Белгілі журналист Есенгүл Кәпқызы жас тележүргізушінің орынсыз әзіліне сын айтты. Бұндайға жол берген арна басшылығына мін тақты.

«Евразия 1» телеарнасының бағдарлама жүргізушісі Асаубек Айымбетов өзі бағдарлама жүргізіп отырып екі рет жаңылды. Сөйте тұра, ауа райын таныстыру үшін әріптесіне сөз беріп жатып: «Бүгін әйел таксиске отырып едім, қарсы бағытқа шығып кетіп әбден зәремді ұшырды. Соған қарағанда нәзік жандыларға көлік тізгіні мен бағдарлама тізгінін бермеген жөн-ау» деп орынсыз қалжыңдайды. Мемлекеттік телеарнада мұндай өрескелдікке жол беріп отырған адамдарға не дейміз? Арна басшылығы қайда қарап отыр?”, – деп жазды Есенгүл Кәпқызы.

 Асаубек Айымбетов Ақтөбе облысының тумасы. Бала күнінен тележүргізуші болуды армандаған. Журналистикадағы алғашқы тәжірибесі жергілікті “Рика” телеарнасында, Ақтөбе радиосында басталған. Бүгінде мемлекеттік арнада жаңалықтар жүргізіп жүр.

Желідегі оқырманның көпшілігі журналистің сөзін қостады. Енді бірі өз ойын айтып жатыр. 

“Біраз жүргізушілер асаба сияқты болып үйреніп алған. Басты мақсаттары тоқтамай сөйлей беру”, “Арна басшылары эфирдегі бағдарламаларды қарамайтын шығар”, “Әлі теледидар көресіз бе? Біз желіден қараймыз. Есесіне жүйке тозбайды”, “Ол мәтін алдын ала келісілген шығар, әйтпесе өз еркімен олай айтса өрескелдік”, – деп жазды олар.

stan.kz

[:]