[:kz]
Алматыда Баум тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып, зорлық әрекеттерін жасаған азамат сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты.
Оның сөзінше, ер азамат ҚК-нің 2-бабы 4-бөлімі “Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері” бойынша сотталды. Бұған қоса, Әбдірахманов қылмыскердің суретін жариялады.
“20 жастағы ер азамат тоғайдағы көшелерде қыз-келіншектерді торуылдап, оларды пышақтаймын деп қорқытып, зорлық әрекеттерін жасаған”, – дейді ол.
Күдіктінің төрт қылмысқа қатысы бары анықталыпты. Десек те, оның қанша уақытқа түрмеге қамалғаны айтылмады. Аталған бап бойынша сотталушы 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
[:]