АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Алматы тұрғыны Сағынтаевқа қалада өткелі жатқан жасырын той туралы айтып, шағымданды[:]

[:kz]

 

«Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен кері байланыс орнатып, олардың талап-уәждерін тыңдаған. Эфир кезінде телефон арқылы байланысқа шыққан қала тұрғыны мейрамханалардың бірінде жасырын той өтетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Алматы» телеарнасындағы «Akimat LIVE» бағдарламасына қатысқан Бақытжан Сағынтаевқа қала тұрғыны мейрамханалардың бірінде жасырын іс-шара өткелі жатқанын хабарлады. «Момышұлы көшесінің бойындағы «Керемет» деген мейрамханада той болғалы жатыр. Соны болдырмауға бола ма? Мынадай жағдайда», — деген сауал қойды қала тұрғыны.

«Той болғалы жатыр» деген ақпаратты қала әкімі Бахытжан Ссағынтаев назарға алып, түртіп алды.

«Рахмет, мағлұматыңызға. Біздің мониторингтік топ қазір сол мекемеге барып, мән-жайды білетін болады», — деді ол. Айта кету керек, бүгінгі күні Алматы қаласындағы санитарлық-эпидемологиялық ахуал күрделі деп бағаланып отыр. Мегаполис қауіптілік деңгейі бойынша «қызыл-қою аймақта».

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Еске салсақ, бүгін елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өскені белгілі болды. Қазақстан бойынша өткен тәулікте 7 747 адамнан коронавирус анықталды.

Соның ең көбі Алматы қаласында тіркелген. Мегаполисте КВИ жұқтырғандар саны бір тәулікте 1510 адамға жетті. Дегенмен, елде түрлі іс-шаралар жасаушылардың саны да азаймай отыр. Мәселен, бір ғана Түркістан облысында соңғы он күннің ішінде 170-ке жуық той тоқтатылды.

kaz.nur.kz/

 

[:]