АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Мәжіліс депутаты шұғыл түрде Тұран одағын құруды ұсынды[:]

[:kz]

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Тұран елдерінің тұтастығын ойлау керек екенін айтып, шұғыл түрде Түркі елдері одағын құру керектігін айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Біз Ресей бастаған ТМД-ның біраз елдерімен  Еуразиялық Экономикалық одақта бармыз. Енді сол секілді Түркі елдері одағы да іргемізді бекемдей түсуге берік негіз болар еді. Екпіні қатты Ердоған ер бастаған ел басшыларының мойнында  түгел түркі мемлекеттерінің  Тәуелсіздік тағдыры, территориялық тұтастық қауіпсіздігі тұр!

– «Ақымақтың айтқаны келеді» дегендей, ақыр «Тұран одағы құрылады» деп айқайлап жүрген Жириновскийлердің сөзін шындыққа айналдырайық. Ол кеше ойға сыймайтын оттауын тағы да жариялап, Орта Азия елдері өздерін тәліптерден қорғайтын Ресейдің губернияларына айналуы керек деп соқты, – деді депутат.

 

 

[:]