АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Айсәуле Бақытбек жүкті екенін айтып, оқырмандарын қуантты (фото) [:]

[:kz]

Айсәуле Бақытбек желідегі оқырмандарына отбасындағы қуанышты жаңалықты жария етті. Ол өзінің жүкті екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Баян Алагөзованың тұңғыш қызы желідегі оқырмандарына өзінің құпиясын мәлім етті. «Отбасымыздың толығуын күтіп отырмыз», — деп жазған ол ерекше фотосессиядан суретін көрсетті. Оның бұл жаңалығын естіген желідегі жазылушылары ізгі тілектерін жаудырды. «Осындағылар тынышталатын болды», «Жақсы болды ғой», «Қуаныштымын, сіз керемет ана боласыз», «Мен біліп едім», «Бақытты болыңыздар, қуаныштымыз», — деп жазды олар.

 

Еске салсақ, Айсәуле Бақытбек 2019 жылдың наурыз айында жас кәсіпкер Әлішер Хайдаровқа тұрмысқа шыққан болатын. Танымал продюсер Баян Алагөзова тұңғышының ұзату тойын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген еді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aissaule Bakytbek Kaidarova (@aissaulebakytbek)

Айсәуле ұзату тойына 250 мың долларға көйлек тіктірген болатын. Одан бөлек, осыған дейінгі сұқбаттарында Айсәуле ата-енесімен бірге тұратынын, жолдасының шаңырағына сүйікті иттерімен және үй қызметшісімен бірге көшіп барғанын да айтқан еді.

Тұрмысқа шыққанына биыл үш жыл толған Айсәуле Бақытбекті биыл маусым айында жұрт аяғы ауыр деп болжаған болатын. Алайда ресми түрде ол бұл туралы ешбір ақпарат таратпаған еді.

kaz.nur.kz

[:]