[:kz]
Қазақстанға жұмыс істеуге келген Өзбекстан азаматтары құлдыққа қалай түскендері туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экпресс К сайтына сілтеме жасап.
58 жастағы Абдурашид пен 26 жастағы Хамид Қазақстанда ұқсас жағдайлар желісімен тап болған. Екеуі де Telegram әлеуметтік желісінен жалақысы жоғары жұмыспен қамтамасыз ету үшін құрылысшылар мен шеберлерді жалдау туралы жарнаманы көреді. Жарнаманы өзін Қазақстандық құрылыс компаниясының серіктесі ретінде таныстырған Өзбекстан азаматы орналастырған.
«Жұмыс ережелері өте қолайлы болды: жұмыс беруші жол жүру, құжаттарды рәсімдеу, тұру және тамақтану секілді мәселелерді өз мойнына алды. Жалақы мөлшері — 500 доллардан 700 долларға дейін. Мен ол уақытта Ресейге жол жүрейін деп жатқан болатынмын, бірақ мына жұмысты көріп осында келдім» ,- дейді Абдурашид.
Маусым айының басында жұмыс беруші Абдурашидті Алматыға әкеліп, шетел жұмысшылар бригадасын құратын адамға тапсырады. Көп ұзамай шетелдік азамат Қалқамандағы мектептің құрылысына тап болады, онда ол басқа отандастарымен, соның ішінде Хамидпен де жолығады.
Жұмысшылар жаңбыр кезінде үнемі су ағатын мектептің ылғалды жертөлесінде тұрады. Жұмыс күні таңғы 5-те басталып, бір сағаттық түскі үзіліспен түннің бір уақытына дейін созылады.
«Мектептен кейін ештеңе төлеместен бізді спорт кешенінің құрылысына, сосын тұрғын үйлерді безендіру жұмыстарына ауыстырды. Бізбен байланыста болған Өзбекстандағы жұмыс беруші бізге жұмыс үшін міндетті түрде ақша төленетініне сендірді. Ол бізге: «кішкене сабыр сақтаңдар, келесі айда ақшаларыңды екі еселеп аласыңдар» — деумен болды. Біз үйге құр қол қайтқымыз келмеді, сондықтан жұмысты жалғастыра бердік. Және осы уақытта Хамидтің төлқұжатын алып қойған еді» ,- деп атап өтті Абдурашид.
Біраз уақыт Абдурашид пен Хамидтің жолдары екіге бөлінеді. Бірі Алматыда қалып, екіншісі Сарыағашқа тап болады.
«Тамыз айының соңында біздің жұмыс беруші маған қоңырау шалып, Шу қаласында жұмыс бар екенін айтты. Мені объекті басына апару керек болатын, бірақ белгісіз адамдар мені Сарыағашқа алып кетіп, ол жерден мен Хамидті таптым. Ол уақытта Хамид үшінші қожайынның қолында жылыжайда жұмыс істеп жүрген» ,- деп түсіндірді жұмысшы.
«Оған сыртқа шығуға тыйым салған және ешкімге қоңырау шала алмас үшін SIM картасын тартып алған. Кейіннен ол екеумізді қайта Алматыға жіберіп басқа қожайынның қолына тапсыру керек екені белгілі болды» ,- деп түсіндірді Абдурашид.
Осы уақытта, ер адамдар тұтқынға түскенін де түсінген.
«Сарыағаштағы адам біздің жұмыс беруші оған қарыз екенін және біз оның адамдары болғандықтан қарыз сомасын өтейтінімізді айтты. Ол менің төлқұжатымды тартып алды, сол кезде мен құлдыққа түскенімді түсіндім. Бағымызға орай, менде телефон болып, Өзбекстандағы туыстарымызға хабар бердік. Олар біздің елдегі «Сана сезім» серіктестерімен байланысқа шығып, олар біздің координаттарымызды Қазақстандағы ұйымға берді. Қызметкерлер жылдам әрекет етіп, бізді сол күні Сарыағаштан алып кетті» ,- деп қосты Абдурашид.
Екі жәбірленушінің айтуынша, олар Қазақстанға келгенде мұндай жағдайға тап боламыз деп ойламаған. Олар мұндай оқиғалардың болып тұратынын естіген. Сонымен қатар, жұмысқа шақырған азаматқа да өзбекстандық болған соң артық ойсыз сенген.
«Кейіннен тасымалдаушы Хамидке: «Біреуге тіс жаратын болсаң, тауып алып өлтіремін» — деген. Сонымен қатар жұмыс берушіге ешқандай шағымы жоқ екенін айтқызып бейнежазбаға түсіріп алған. Қазір біз үшін ең бастысы – үйімізге оралу. Төлқұжатымыз қолда жоқта біз оны жасай алмаймыз» ,- деп түйіндеді Абдурашид.
«Ақпаратты тексеру және кінәлілерді жауапқа тарту үшін Түркістан облысының Полиция департаментіне мәлімдеме жасадық. Біз адам саудасы фактісі болған деп есептейміз. Ал бұл оймен полиция келісе ме жоқ па ол жақын арада белгілі болады. Бірақ біз, жоқ дегенде, жұмыс берушілерді шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға қол жеткіземіз» ,- деді ОО «ПЦЖИ» «Сана Сезім» директоры Шахноза Хасанова.
Сонымен қатар, «Сана Сезімнің» Өзбекстандағы өкілдері жұмысшыларды алдап құлдыққа жіберген өзбекстандағы азаматты да заң алдында жауапқа тартуға тырысады.
[:]