[:kz]
Белгісіз біреулер байрағымызды күл-қоқыс жәшігінің жанына іліп кеткен.
Көкшетауда мемлекеттік туды қоқысқа тастаған адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstanға сілтеме жасаған
Skifnews.kz ақпарат порталы
Оқиға 10 қыркүйек күні Көкшетауда Елемесов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Белгісіз біреулер байрағымызды күл-қоқыс жәшігінің жанына іліп кеткен.
Көкшетау қалалық ІІБ мәліметінше, айтылған мекенжайға барған тәртіп сақшылары көк туды таппаған. Алайда сол ауланың тұрғындары туды түскі сағат 14:00 шамасында қоқыс маңынан көргендерін растаған. Қазір осы іске қатысы бар адамдар іздестірілуде. Анықталған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.
[:]