[:kz]
Жүктілігін жария еткен Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады. Ол сәбиінің жынысын көпшілікке айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айсәуле атаулы күнге екі жақтың ата-аналары мен жақын достарын шақырған. Кешті шоумен Мұрат Мұтырғанов жүргізген.
Бақытбекқызы кешті испан стилінде безендірген. Қыз не ұл деген жазудың өзін испан тілінде жаздырған. Бұл қылығын бикеш былай түсіндірді: «Менің күйеуім испан тілін жақсы біледі және «Реал» футбол клубының жанкүйері. Бар хикая осы».
Кеш қонақтары УДЗ-ның жауабын білгенге дейін өз нұсқаларын айтып, тіпті бәске ақша тікті. Меймандар жасаған болжамдарына сай, алқызыл және көгілдір түсті киім киіп келген. Бұл да Айсәуленің ойлап тапқан дресс-коды. Баян Алагөзова жиен немересі ұл болады деп, ал Айсәуленің енесі қыз болады деп күткен.
Кештің қалай өткенін көрсеткен Айсәуле көп ұзамай қызды болатынын жариялады.
«Әкең мен анаң сені күтеді. Балақай», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, 2018 жылы тұрмыс құрған Айсәуле жақында жүкті екенін хабарлаған еді. Одан кейін, танымал бикеш 2 жыл бала көтермей жүруінің себебін айтты. Енесі Айсәуленің аяғы ауыр екенін білген соң, ұлы Әлішер мен олардың достарын вакцина алуға мәжбүрлеген.
[:]