[:kz]
Журналист Ербол Мәндібектің instagram парақшасынан алынған:
» ауцорсинг жоба. Қазақшалап айтсақ, «тиын істейтін» тендер.
Бұл жобаның әу бастағы құны 500 мың долларға шыққан. Яғни, халықтың есебінен шыққан шығын. (Ұлттық арна 100% мемлекеттен қаржыландырылады.) деп жазады kznews.kz/
Биылғы маусымның бюджеті туралы ақпарат мүлде жоқ. Корпорация басшылары бұл мәліметті «өлтірсең» де айтпайды. Өйткені, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҚР Президенті әкімшілігіндегі мүдделі тұлғалар рұқсатсыз айтқызбайды. Бейресми мәлімет бойынша, биылғы жобаға 750 000 АҚШ доллары жұмсалған.
«Шапкасын» кімдер шешіп жатқанын білмеймін. Бірақ, Сәкен Майғазиевтің маңайындағы жігіттердің сөзінше, осы жолғы
жобадағы жюрилердің жұмысы үшін әрқайсына 15 миллион теңгеден қарастырылған.
Бұдан бөлек, ұшақ шығындары, қонақ үй, көлік тасымалы қамтылған.
Шығармашылық топтың (студия, режиссер, продюсер, оператор, гример, кастюмер, жүргізушілер, көлік жүргізушілер тағы басқа) шығындары бұрынғы жобаларға қарағанда әлдеқайда қымбатқа шыққан.
Сонымен, «Қазақстан дауысын» өткізуге қай тарап мүдделі?
А. Халық
Б. Ұлттық арна басшылары
В. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Г. Президент әкімшілігінде отырған мүдделі тұлғалар
Жалпы, осындай тізесі шыққан жобаларды қайта-қайта ұйымдастырудың құпиясы неде?
Қазіргідей дағдарыс заманда әрбір тиынды үнемдеу саясаты үлкен корпорацияларда неге орындалмайды?
Хабар мен Қазақстан арналары жыл сайын мемлекеттен ондаған миллиард ақша алады. Халықтың есебінен. Осы екі миллиардтық телеарнаны жемсау қылып отырған кімдер?
Хабар мен Қазақстан арналарының ауцорсинг жобаларына қатысты қаржылық баға неге берілмейді? ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК Республикалық телеарналардың тендерін қашан тексересіздер?
Илхам Ибрагим Қазақстан дауысы бойынша ақпаратың болса комментке қалдырып кетсең?
Құрметті, оқырман мен болжамды бейресми мәліметті жазып отырғанымды ескертемін. Ресми ақпараттың турасын Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы басшыларынан талап етейік.
Хабар мен Qazaqstan каналдары 100% халықтың есебінен күн көріп отыр, сондықтан өз ақшаларыңыздың есебін сұрауға 100% құқылысыздар!
Айтпақшы, Qazaqstan Ұлттық».
[:]