[:kz]
Оралда 9- сыныпта оқитын қыздар сабақтан ерте сұранып, серуендеуге кеткен. Олар қаладағы Тұңғыш президент саябағына барып, орындықтарға жазу жазып қалдырған. Нәтижесінде балалардың шала қылығы үшін ата-аналар жауап беруге мәжбүр болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ресми Instagram парақшасында мәлімдеді. Сабақтан сұранған қыздар Назарбаев алаңындағы орындықтарды бояп, елді мекендерді аббаттандыру ережелерін бұзған. Полицейлер тәртіпке қайшы әрекет жасаған оқушыларды бейнебақылау камералары арқылы анықтап, олардың ата — анасына ӘҚБтК 435 — бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.
View this post on Instagram
Нәтижесінде ата-аналар өз баласымен келіп, бүлінген орындықтарды жуып шықты. БҚО полиция департаменті көпшілікті абаттандыру элементтеріне ұқыпты қарауға шақырды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы әрекеттері үшін жауапкершілік олардың заңды өкіліне жүктелетінін ескертті.
Тәртіп сақшылары ата-аналарды бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырды.
[:]