АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Алматылық сәбиге шұғыл ота жасату үшін 23 мың доллар қажет[:]

[:kz]

 

Алматылық сәбиге шұғыл ота қажет. 7 айлық Абдусамат Исламбаев өңештің сирек кездесетін патологиясына шалдыққан. Ота жақын арада жасалуы керек. Сәбиге түркиялық емхана көмектесе алатынын айтқан. Ал ота құны 23 мың доллар. Ата-анасы бұл соманың жоқ екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Сәбиге бітеу өңеш атрезиясы деген диагноз қойылған. Анасы бұл туралы жүктіліктің соңғы мерзімінде білген. Бұған қарамастан ата-анасы нәрестені дүниеге әкеліп, өмірі үшін күресуге бел байлаған. Кішкентай Абдусамат бес ота жасатқан. Наркоз және хирургиялық процесстер салдарынан балада тырыспа пайда болған. Қазір ол ішіндегі арнайы зонд арқылы тамақтанады. Егер жұтқыншақ арқылы тамақ ішсе, нәресте тұншығып қалуы мүмкін. Абдусаматқа өңеш пластикасы қажет. Ата-анасы 1,5 миллион теңге жинаған. Бірақ бұл қаржы әлі де жеткіліксіз екен. 

 

«Бұрын қолын көтерсе, селкілдейтін. Бұл мені одан әрі қорқытатын. Нәрестеден түтіктер шығып, мойнынан ішегі көрінген кезде өз баламды ұстауға жүрексінетінмін. Түркиядан ұсыныс келіп түсті. Тек бір ғана ота жасалады және сәтті өтеді дейді. Бұл ота үшін 23 мың доллар қажет», — дейді анасы Анна Прокофьева. 

Телефон нөмірі: +7 778 186 61 54

Kaspi Gold: 4400 4301 9115 3730

Сбербанк: 4263 4333 4903 0913
 

[:]