АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Мәскеуде Қазақстан және Өзбекстан азаматтарын құлдықта ұстаған[:]

[:kz]

 

Страсбургтегі Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты Мәскеуде құлдықта болған Қазақстан және Өзбекстан азаматтарының шағымдарын қарайды. Бұл жөнінде соттың ресми сайты хабарлады, деп мәлімдейді «Адырна» ұлттық порталы. 

Сот бес жәбірленушінің екі шағымын біріктірген. Бірінші шағым Қазақстан азаматтары Фатима және Әлия Мұсабаева мен Өзбекстан азаматтары Гүлжанар Назанова және Бакия Қасымовадан 2016 жылы түскен. Екінші шағым 2018 жылы Қазақстан азаматы Несібелі Ибрагимовадан жолданған.

Әйелдердің сотта құқығын «Мемориал» құқық қорғау орталығының заңгерлері қорғайды. Олар «Гражданское содействие» комитетімен байланыста отыр. Сот Ресейге іс бойынша сұрақтар жібереді деді комитет өкілдері.

— Еуропаның Адам құқығы жөніндегі соты жауапкер Ресейге Адам құқықтары жөніндегі Еуропа конвенциясының бұзылуына байланысты сұрақтар жолдайды. Жауапкердің шағым беруші тараппен бейбіт келісім жасауға құқығы бар. Әйтпесе іс қарала бастайды, — деді заңгер Иван Новиков.

Мигранттарды құлдықта ұстаған азық-түлік дүкендер желісі Мәскеудің Гольяново ауданындағы Уральская, Парковая және Новосибирская көшелерінде орналасқан. Дүкендерге ерлі-зайыптылар мен олардың туыстары иелік етеді.

«Гражданское содействие» қорының ақпаратына қарағанда, кәсіпкерлер әйелдердің құжаттарын тартып алып, оларды еңбек мигранты ретінде тіркеуден бас тартқан. Еңбекақысын бермей, дүкен аумағынан аттап қадам басуға тыйым салған. Мигранттар жертөлелерде ұйықтаған.

— Дүкен иелері мен қызметкерлері Қазақстан және Өзбекстан азаматтарын жылдар бойы ақысыз еңбекке жегіп, зорлаған, ұрып-соққан. Құқық қорғау органдарымен қудалаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен, — деп жазды комитет өкілдері.

Комитеттің айтуынша, полицейлер мен тергеушілер жәбірленушілердің шағымына байланысты іс қозғаудан бас тартқан.

«Адырна» ұлттық порталы

 

[:]