АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Индира Расылхан әншілікті тастап, психологияға бет бұрды[:]

[:kz]

Әнші Индира Расылхан өнерден біржола кеткенін айтты. Енді ол өзінің өмірлік бағытын түбегейлі өзгертіп, дінмен ұштасқан психологиямен айналыспақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

Мен әншілікті тастадым. Бірақ ән салмай қалай жүретінімді білмеймін. Дәл қазір мен үшін басыма таққан орамалым маңызды. Басқа бағытта жұмыс істеп жатырмын. Бір есік жабылса, екінші есік ашылады. Мен психология бағытын таңдадым,

— дейді Индира Расылхан.

Белгілі әнші сахнада 23 жыл ән салған. Сондықтан өнерден бас тарту оған оңайға соқпапты.

Мен үшін жаңа бағытқа 100 пайыз ауысу оңай болмады. Қобалжыдым, қорықтым. Ал енді қорқа-қорқа батыр болдым,

— дейді Индира Расылхан.

instagram.com/indirarasylkhan
instagram.com/indirarasylkhan

Индира Расылханның екінші күйеуімен ажырасқан соң күйзеліске түскенін Express Qazaqstan бұған дейін жазған еді. Оның ойынша, адамның өзі өзгермей, тағдыры да өзгермейді.

[:]