АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Ақымды шашымнан алғым келді»: «Сылақшы» қыз шашын неге тақырлап алып тастағанын айтты [:]

[:kz]

 

Тамылжыта ән салған Гүлмайдан Серікова бұдан бір жыл бұрын шашын тақырлап алып тастаған. Гүлмайданның айтуынша, бұрын оның ұзын қолаң шашы болған.

Шашын алып тастауға қандай жағдай себеп болғанын әнші «Менің өмірім» бағдарламасында айтты деп жазады  kaz.nur.kz       Гүлмайдан Серікованың айтуынша, қазіргі таңда ол өзіне қатысты жазылған желідегі пікірлердің әрқайсысына мән беріп, көңіл аударады. Себебі, ол осы арқылы халықтың өзі туралы ойын білгісі келеді және бойындағы мінін түзегісі келеді.

Десе де, кей кездері оның бет-әлпетіне қатысты ақыл-кеңес айтып, пікір жазатындардың қарасы көп, дейді ол. Әсіресе, шашының қысқалығы көптің мазасын алатын көрінеді.

Сұхбат барысында әнші шашының неге қысқа екенін түсіндіріп берді. «Шашым жұқа болып кетті. Көп түсетін. Уақыт өте келе жолдасыммен арамыз суып кетті.

Тамақ ішуден қалдым, сыртқа шығып күлуден қалдым. Ештеңе қызық емес. Негізі ұзын болған. Бір күні өзімнен өзім тұрдым да, станокпен тақырлап алып тастадым. Ол қыс айы болатын. 29 желтоқсан.

Мынау бір жылда өскен шашым. Кейіннен қатты өкіндім. Неге алып тастадым деп.

Шашты қалыңдатудың жолдары көп қой. Бірақ негізі жалғыз ол ғана емес себебі. Күйзеліс болды. Ақымды шашымнан алғым келген сияқты. Айтайны дегенім, көп адамдар шашыңды өсір деп жазып жатыр екен. ол бірден бола қалмайтын нәрсе.

Бір жылда өскен шашым осы. Шашым жай өседі. Өткенде бір кісі жазып қойыпты: «Қазір бар ғой неше түрлі шаш жалғп қоятындар» депті. Бірақ оның алдындағы бір пікірді оқысам, керісінше, ернін жасатпаған, кірпік жалғамаған, табиғи келбет деп сүйсініпті. Барлық пікірлер бір-біріне қарама-қайшы.

Сол үшін қалай бармын, солай жүре беремін. Ештеңені өзгертуге зауқым жоқ. Боянбас та едім», — деді ол. Еске салсақ, сұхбат барысында Гүлмайдан Серікова бес жыл отасқан жұбайымен айырылысып кеткенін мәлімдеген болатын. Оған себеп — ерлі-зайыптының көзқарасындағы айырмашылықтар.

 

 

[:]