[:kz]
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жорабаева өзін Мақпал Жүнісоваға келін болып келетінін айтты. Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жорабаева Instagram парақшасында Мақпал Жүнісованың қолынан шай ішіп отырған видеосын бөлісті. Әртіс өнердегі әпкесі өзіне қайын әпке болып келетінін айтты. «Мақпал апайға қазір мен келінмін негізі. Себебі, Әлішер — арғын. Келін болып, қайын бикеме шәй құйып берейін десем, болмай өзі құйып беріп отыр. Жарқылдаған мінезінен айналасың ғой», — деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]