АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Той кезінде әншіні сүйіп, жанжал шығарған қалыңдық жұртты шулатты[:]

[:kz]

 

Желіде үйлену тойы кезінде болды делінген оқиғаның видеосы жұртты шулатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода ән салып тұрған ер адамды құшақтап сүйген қалыңдықты көруге болады. Осыдан кейін куйеу жігіт қалыңдықты итеріп жібереді. Қалыңдық та ашуланып, оны кеудесінен итереді. Тойдың арты жанжалға ұласады. Желі қолданушылары қалыңдық пен күйеу жігіттің қылығын талқылап жатыр.

 

Алайда бұл видео қырғыздың танымал шоумені, асаба Қанат Шабданбеков жасаған пранк болып шықты. Оқиға Қырғызстанда болған. Асаба қырғыз елінің атақты әншісі Нұрлан Нәсіпке пранкін осындай жолмен жасаған екен. Кейінірек ұйымдастырушы Шабданбеков пранкті қалай жасағанын түсіндіріп берді.

«500-600-дей актер жалдадық. Мейрамхана жалдадық. Безендіру, зал, кәдімгідей үлкен той өткіздік. Осының бәрі бір кісіге пранк жасау үшін еді. Осы уақытқа дейін Нұрлан Нәсіп ашуланғанын көргенсіз бе? Онда көріп алыңыздар», — дейді шоумен.

Алайда, әншіге жасалған пранк Қазнетте таралып, қолданушылар бұл оқиға шын мәнінде болған деп ойлап қалған. Кейбірі тіпті күйеу жігітті аяп, қалыңдықтың тәрбиесін сынаған. Алайда оқиға қасақана жасалғанын білгендер де табылды.

Айта кетейік, пранк ұйымдастырушы шоуменнің YouTube-арнасында әр видео миллионнан аса қаралым жинайды. Ал Instagram желісінде оған жарты миллионнан аса адам жазылған.

[:]