АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Америка, бізді күт»: Төреғалидің қарындасы отбасымен қоштасып, АҚШ-қа жол тартты (фото, видео) [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі қарындасын Америка құрама штаттарына шығарып салды. Фариза Төреәлі шетелге оқуға түсуіне орай, жолдасымен бірге сол жаққа ұшып кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлі-зайыпты енді біраз уақыт АҚШ-та тұратын болады.

Олар алыс сапарға аттанар алдында ата-аналарының басын қосып, «жол аяқ» жасаған.

Бұл туралы Фариза Төреәлінің Instagram парақшасынан белгілі болды.

Ол жақындарымен қоштасқан сәтін бөліскен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

«Америка, бізді күт! Сіздермен бөліскелі жүрген жаңалығымыз да осы, оқырмандарым. Алдағы уақытта «қашан» , «қалай» деген секілді сұрақтарға қызықты оқиғаларымызды айтып жауап беретін боламын. Ал әзірге тек өз эмоцияларыммен бөліскім келіп тұр. Бүгін қазақтың ырымы бойынша ата-аналарымыз «жол аяқ» жасап бізді ұзақ сапарға шығарып салды. Үйде дастархан басында жылы лебіздерін айтып бастағаннан көздеріне жас келіп, жүректі әбден елжіретті..

Бір жағынан біз үшін қуанып, бір жағынан қимастық сезімдерін де жасыра алмады. Күнде бәрімен жолықпасақ та, әйтеуір бір елде жүргенің — жақындарың қасыңда секілді сезім тудырады екен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

Ал дәл бүгін, өзгеше сезімді бастап өткеріп жатырмын. Сағыныш. Қимастық. Қобалжу. Тіпті бүгін әкем сөз сөйлегенде, «қызым ұзатылып жатқанда мұнша уайымдамаппын, бүгін бір құдалық секілді түнімен ұйықтай алмай жаттым» деп қимастығын білдірді. Бұның барлығы түсім секілді, менімен болып жатқанына сене алар емеспін. Америкаға кетемін деп айту ол бір бөлек, іс жүзінде біраз уақытқа кету тіпті басқа сезім екен! Шын айтайын ба? Иә, қорқыныш бар. Өзге материкке мұхит асып бара жатқан соң, тіпті не боларын, қалай боларын елестете алар емеспін. Бірақ жүрегімде бір сенім бар! Дұрыс жолмен келе жатқанымызға деген, өз елімізге білімімізбен пайдамен ораламыз деген жарық сенім. Ең бастысы, арқа сүйер мықты ер азаматым жанымда барда қорықпаймын, біз бәріне бірге жетеміз», — деп жазды блогер ару.

kaz.nur.kz/

 

[:]