АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін басталады — Тоқаев[:]

[:kz]

 

ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін — 13 қаңтарда басталады, ол 10 күннен аспайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі

«ҰШҚҰ жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған», — деді президент өз сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп қолдау көрсету.

«Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ», — деді Тоқаев.

[:]