АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ешқайда кетпедім, өзіме тиесілі демалыстамын»: Назарбаев еліміздегі тәртіпсіздіктерден кейін алғаш рет үндеу жасады (видео)[:]

[:kz]

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталды. Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады. Соның салдарынан бейбіт тұрғындарымыз зардап шекті. Қасіретті оқиға кезінде қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», — деді Назарбаев өз үндеуінде.

Ол лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырғанын атап өтті.

Айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ.

«Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз. Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес. Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды. Ұлан-ғайыр шекарамыз түбегейлі бекітілді. Елімізде іргелі реформалар жүзеге асып, Орталық Азияда көш бастадық. Еуразия жүрегінде, Сарыарқа төсінде жаңа астанамыз бой көтерді. Бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмас», — деді ол.

Сондай-ақ Назарбаев 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанын, содан бері 

бүгінде Қазақстан астанасында екенін айтты. 

демалыста жүрмін және ешқайда кетпедім.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл жайлы қауесеттер мүлдем негізсіз

 

 

[:]