[:kz]
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Гүлмира Әбіқайдың желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«ӘСКЕРДЕГІ ПАРАДОКС
Кешегі офицер бүгін официант.
Маған ҚР ҚК запастағы офицер, аға лейтенант Ержан Сәтқұлов хат жазып, Үндеу жіберіпті. Ең сорақысы, ол жеке құрамнан Тәуелсіздік мерекесіне берілген сыйақының жартысын бөлім командиріне заңсыз жиюдан бас тартқаны үшін қызметінен қуылды❗️ Егер, мерекелік сыйақы 50 мың теңгенің 25 мыңын қол астындағылардан себепсіз жиып алғанда жұмысын жалғастыра берер еді.
Неге маған? Неге прокуратура, Қорғаныс Министрлігі емес десем, “Жоғарғы әскери сотта Қорғаныс министрлігінің өкілі, заңгер: Министрлікке қарсы сот ісін жеңе алмайсың, бұл ҚМ үлкен минус болады. Сенің кінәсіздігіңді түсінемін” дегенін айтты.
Сонда қалай, Министрліктің беделі бедел де қарапайым азаматтардың беделіне нұсқан келіп жүре бере ме?
Оқиғаға су жаңа министрдің қатысы жоқ, @жаксылыков енді араласып, бәрін орнына қояды деп сенемін!
#тақырыпты толық тарқатып ертең жазамын,
Бөлісемін деушілерге алдын-ала рахмет!», деп жазды.
[:]