[:kz]
Қаңтардың 9-ы күні арнайы жасақ Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланған науқастарды ауруханадан алып кетті, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Атын атамауды өтінген адам полицейлердің адамдарды медициналық мекемеден алып шығып жатқаны түсірілген видео жіберген.
Видеода аурухананың алдына бірнеше полиция көлігінің тоқтап тұрғанын көруге болады. Арнайы жасақ формасын киген адамдар науқастарды бір-бірден алып шығады: біреу балдақпен жүреді, біреу жалаң аяқ, кейбірінің сырт киімдері жоқ.
“Адырна” ұлттық порталы
[:]