[:kz]
45 жасында қызды болған Тамара Асар тағы да сәби сүйгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram-дағы оқырмандарына әнші тағы да балалы болу жайлы ойымен бөлісті.
«»Әрине, қалаймын. Бізге Алладан Ажар сияқты аяқ асты сюрприз болып келсе, менің әйел әлемім перзентті сүйеді. Тек денсаулығым мен жүйкеме, өзімді басқаруыма бапты күшейтер едім», — деді Асар.
Сондай-ақ, әнші тұңғышы үйленсе, келінімен бірге тұрғысы келетінін жеткізді.
«Ыңғайға қараймыз ғой, көп нәрсе үйреткім де келеді, қызықтағым да келеді», — деп ағынан жарылды ол
Соңғы уақыттары халықпен емен-жарқын сұхбаттасып жүрген Тамараға жолдасы мен қайын жұрты жайлы сұрақтар көптеп қойылады. Әнші күйеуінің жасы 45-те екенін, отбасында бір ағасы, бір қарындасы бар екенін айтты. Сондай-ақ, бұрынғы некесінен ұлы бар екенін жасырмады.
Сондай-ақ, бұрынғы некесінен ұлы бар екенін жасырмады.
[:]