[:kz]
Қолда бар мәліметтерге қарағанда Украина қарулы күштері қорғанысты бұзып, шабуылға шығып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Украина қорғаныс министрі Алексей Резников қазіргі күндері Ресей армиясының барлық жағынан күйрей жеңіліп жатқанын айтты.
– Бір жетіден бері біздің қорғаушы жігіттеріміз бен қыздарымыздың жанқиярлық ерліктері арқасында жау жаңа майдандардың бәрінде шығынға батуда. Олар жау үшін алынбас қамалға айналды. Мұның өзі басқыншылардың рухтарын түсіруде. Қазір оккупанттардың 6 мыңнан астам солдаты жан тапсырды, – деді ол «Украинская правда» порталына.
Ресейдің экономикалық және ақпараттық соғыстағы шығындары да ұшан-теңіз. Ресейдің ақшасы құнсыз қағазға айналса, Путиннің өкіметі бір аптадан кейін барып әскерлердің қаза тапқанын мойындап, жалпақ жұртқа жария етті.
Ресей әскерінің соғыста жеңіліп жатқанына тағы бір дәлел ретінде БҰҰ-ның Гаагадағы Халықаралық сотының басқыншыларға қарсы қылмыстық істерді қозғанын айтуға болады. Сот 7, 8 наурызда Украинаның Ресейге берген талап арызы бойынша бірінші отырысын өткізеді.
[:]