АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Орыстар мен украиндар – бір халық, бұл сөзімнен мен ешқашан бас тартпаймын – Путин[:]

[:kz]

 

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қауіпсіздік кеңесінің отырысында Украинадағы арнайы операцияның қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Путин Украинадағы арнайы операцияның жоспар бойынша, қатаң кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.

«Мен осы әлемнің бір бөлігі екенімді, Ресейдің күшті, мықты, көп ұлтты халқының бір бөлігі екенімді мақтан тұтамын. Сонымен бірге мен орыстар мен украиндардың бір халық екеніне деген сенімімнен ешқашан бас тартпаймын», – деді Ресей президенті.  

Путин Украинадағы операцияда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне 7 миллион рубльден астам жәрдемақы төленетінін айтты. Сондай-ақ ол арнайы операцияға қатысушыларға қосымша 5 миллион рубль төленетінін жеткізді.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков Украинаға шабуыл кезінде 498 ресейлік әскери қызметкер қаза тауып, 1597-сі жараланғанын айтқан еді.

[:]