АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Зеленский: Ел президенттерімен күніне бірнеше рет сөйлесіп, дос болып кеттік[:]

[:kz]

 

Ресей Украинаның бірнеше қаласына оқ жаудырып жатса да, президент Зеленский журналистерге сұхбат беріп үлгеріп жатыр деп хабарлайды nege.kz 

New York Times басылымының тілшісі «Сізді бүкіл әлем демократиялық құндылықтарға батылдық символы ретінде құрметтеп жатыр. Бұл Украинаға көмектесіп жатыр ма?» деген сұрақ қойды. Оған Зеленский былай жауап берді.

«Иә, қатты көмектесіп жатыр. Бұл үлкен қолдау. Біріншіден, Украина халқы менен осыны күтті. Шынымды айтсам, мен кеше қандай және бүгін кім болғанымды айтқым келмейді. Өз мемлекетін сүйетін адамның бәрі осындай болу керек. Сен дәл қазір мемлекетке және халқыңа қолдан келгенше көмек беретін жердесің. Сондықтан да мен сол жердемін. Алаңға шығып, бізге қолдау көрсетіп жатқан адамдарға алғыс айтамын.

Сондай-ақ, осы жағдайға байланысты көптеген басқа елдің басшыларымен сөйлесіп, қазір жақын досқа айналдық. Күніне бірнеше рет ұялы телефон арқылы әңгімелесеміз. Тіпті, мемлекет президенттері бір-бірімен сөйлесу үшін алдын ала тапсырыс беріп, оны кейде бір апта күтуші едік. Бұл екі арада адамдар зардап шегеді. Қазір ешбір бюрократиялық кедергілерсіз,  Whats App желісі арқылы сөйлескен ұнады. Себебі, қазір мүлдем басқа жағдай. Сондықтан маған қолдау өте маңызды. Мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаны жайсаң адамдарға айтарым, сіздердің қолдауларыңыз бізге рух, сенім берді. Біз оңайлықпен берілмейміз. Бірақ сіздердің қолдауларыңыз бәрін дұрыс істеп жатқанымызды көрсетеді. Мен әлемнің біріккеніне қуаныштымын» деді.

 

  Лавров…Адамның түрінде оның өмірі, жолы, соңы да жазулы 

«Лавровтың айтуынша, сіз соғыстың аяқталғанын қаламайды екенсіз. Рас па?» деген сұраққа: 

«Лавров… Меніңше, адамның бет-жүзінде оның өмірі, жолы және соңы да жазылып тұрады. Оның өмір жолына қарасам жаман тұлға емес сияқты. Алайда, сіздің көзіңізге қарап отырған жақсы дер едім. Ал ол адамның көзіне қараған қызық емес. Мен оны алғаш рет АҚШ-қа ұшатын тұңғыш сапар кезінде ұзын-сонар кезекте көрдім. АҚШ-тың сол кездегі президенті Трамппен кездесуге бардық. Сол кезекте тұрғанда менің жаныма Лавров келіп, «Президент мырза, мен Ресей Сыртқы істер министрімін» деді. «Иә, мен сізді білемін. Мен теледидар қараймын» дедім. «Сізге Ресейден не керек? Не қалайсыз?» деді артынша.

«Маған тек шындық керек. Егер әңгіме екеуара қалатын болса, айтайын. Біздің аумақты босатуларыңызды қалаймыз. Біздің мемлекетаралық қарым-қатынасымыз он жылға болса да кері оралатын еді. Себебі, Ресейдегі қаншама достармен арадағы бұрынғы байланыстың ізі қалмады. Бәрі өзгерді.  Бұл дұрыс емес. Мен бейбітшілікті жақтаймын» дедім.

Бейбітшілік бәріміз үшін. Ал екеуміздің арамызда дегенім, сіз әр жерде айқайламауға тырысуыңыз риториканы басуыңыз керек» деп едім, «Мен сізбен келісемін» деді де, кері бұрылып қалтасынан телефонын алып, орыс телеарнасы ма, радио станцияға ма хабарласып «Жаңа ғана президент Зеленскиймен сөйлестім. Ол біздің барлық шартымызға келісетін болды» деп тұр. Бұл оның жауабы. Оларды бейбітшілік қызықтырмайды. Оларға қанды жол ұнайды. Оларға дәл осындағы және қазіргі жағдай ғана маңызды. Өздерінен кейінгі өмірді кім ойлайды? Олардан кейін де өмір жалғасатыны анық.

Мәселе – олардың көздеген мақсатында. Біздің мақсат – еркіндікті қорғау. Одан асқан құндылық жоқ. Себебі, біздің балалар – біздің еркіндік. Бізден кейін бәрі де қалады. Балаларым қалады. Мен олардың өмір сүргенін қалаймын. Маған басқа ештеңе керек емес. Осыны бәріне тілеймін. Ал олардың мақсаты – ұлтты, халықты аяғына жығылдыру. Біз осы қоғамды құрып жатырмыз. Ал олар біріккен ұлтты жойғысы келеді.

Біз Ресейге шабуылдап жатқан жоқпыз, ондай ойымыз жоқ. Кремль қауіпсіздікке қатысты қандай кепілдік бере алады? Біз қазір НАТО-дамыз ба? Жоқ. Ядролық қаруымыз бар ма? Жоқ. Владимир Путин, бізден не керек саған? Жерімізден кет.

Қазір кеткің келмесе, онда менімен бірге келіссөздер үстеліне отыр. Оған ашықпын. Бірақ Макронмен, Шольцпен кездескендей, 30 метр айдалада отырып жүрме. Мен сенің көршіңмін. Тістеп алмаймын. Сөйлесейік. Несіне қорқасың?.. »

Украина президенті Зеленский БАҚ өкілдеріне шынайы сұхбат берді. Жасандылық деген атымен жоқ. Алайда, Ресей ақпарат құралдары мұны да әжуаға айналдырып әлек. Дәл қазір екі елдің арасында ақпараттық соғыс та күшейді. Басқа мемлекеттер  «Украинаға қарсы соғыс» десе, Ресей   «әскери операция» деп жатыр…

 

[:]