[:kz]
Украина президенті Владимир Зеленский 8 наурызда кешкі жолдаған видеоүндеуінде Ресей билігін елдегі жағдайды реттеу туралы тағы да келіссөздерге шақырды деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.
«Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру қажет. Мен Қырым, Донецк және Луганск халық республикаларының мәселелерін талқылауға дайынмын. Біз мұны талқылап, ондағы адамдардың қалай өмір сүретіні туралы ымыраға келе аламыз», – деді Владимир Зеленский.
Бұған дейін Ресей мен Украина келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда, гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істеген жоқ.
[:]