АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Даладан азық таба алмаған еліктер ауылдарға кіріп жатыр[:]

[:kz]

 

Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік полицей мен қорықшы ауыл тұрғынының шарбағына ілініп қалған елікті құтқарды деп жазды turkystan.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 наурыз күні Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, үйінің маңындағы қоршауға сібір елігінің ілініп қалғанын айтқан. Түз жануарын өздігінен босата алмаған ол полицейлерден көмек сұраған.

Оқиға орнына екі көмекшісімен учаскелік полиция инспекторы аттанды. Сондай-ақ, Бескөл аңшылық шаруашылығының аға қорықшысы Юрий Побережник ескертілді. Олар шарбаққа ілініп қалған елікті еппен босатты. Кейін түз тағысы мемлекеттік табиғи қорықшаның аумағында жіберілді.

«Учаскелік полиция инспекторының жұмысында түрлі жайттар жиі болып тұрады. Бірақ мұндай оқиғаға алғаш рет тап болдым. Сондықтан бұл жұмыста айналаңда болып жатқаннан хабардар, жан жақты болған дұрыс», – дейді учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Рахметов.

Қорықшы Юрий Побережниктің айтуынша, көктемгі ауа райына байланысты қардың беті мұзға айналып, түз жануарларына азық табу қиындаған. Сондықтан еліктер ауылдарға келіп, азық іздейтін көрінеді.

Сөйтіп, жергілікті тұрғынның бейжай қарамауының және тұрғындардың учаскелік полиция инспекторымен тығыз қарым-қатынаста болуының арқасында түз жануары аман қалды.

[:]