[:kz]
РФ Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Киев және Чернигов бағытында «соғыс қимылдарын күрт қысқарту» туралы шешім қабылдағанын жариялағаннан кейін ресейліктер бұл шешімге қарсы шықты. Бұл туралы turkystan.kz orda.kz-ке сілтемe жасап хабарлады.
«Бірінші қадам екі негізгі бағытта – Киев пен Черниговте бірте-бірте әскери деэскалацияға қатысты. Біз Киевте шешім қабылдауды қажет ететін адамдар бар екенін түсінеміз. Сондықтан біз бұл қаланы қосымша тәуекелге ұшыратқымыз келмейді. Бұл – атысты тоқтату емес, бірақ біздің жанжалдың бірте-бірте деэскалациясына деген ұмтылысымыз», – деді Мединский.
Осыдан кейін ресейліктер «бұл – сатқындық», «ұят» деп шулай бастады.
[:]